Экологиялық мәдениетке баулитын 30 отандық бейнероликтер топтамасы
Төлеубеков ЖасұланСмогликтер (2019)
Адам шығаратын парниктік газдар шығарындылары климаттың өзгеруіне себеп болып табылады. Оның ішінде
парниктік газдардың әлемдік шығарындыларының шамамен 0.66%-ы Қазақстанға тиесілі
Әлемдік қоғамдастық көмірді, мұнайды, газды жағудың және қызметтің басқа түрлерінен парниктік газдар
шығарындыларын қысқартуды өзінің жалпы мақсаты деп анықтады.Бұл ғаламдық жылынуды, климаттық апаттарды
азайтуға және ғаламшардағы климатты едәуір нашарлатпауға мүмкіндік береді
2030 жылы еліміз бойынша парниктік газдар шығарындылары 320 миллион тоннадан аспауы тиіс. Бұл Қазақстанның
жақын арадағы климаттық мақсаты.📉 Климаттық мақсат жаңартылатын энергия
көздері бойынша нысаналы көрсеткішті де қамтиды. 2030 жылға қарай олар электр энергиясының кемінде 15
пайызын өндіруге тиіс
Әлемнің көптеген елдері осы ғасырдың ортасына қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуін ұзақ мерзімді
климаттық мақсат ретінде айқындады. Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуді 2060 жылға қарай жоспарлап отыр
Бұл парниктік газдар шығарындылары мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Қалған 45.2 миллион тонна жер
пайдалануды жақсарту және ормандар алаңын ұлғайту есебінен сіңіріледі деп жоспарланған
Экологиялық мультсериал (2023)
Кішкентай көрермендерге арналған қысқа анимациялық бейнешығарылымның басты кейіпкері қарапайым бала ғаламшарымызға, өсімдіктерге және тірі ағзаларға қамқорлық жасауды үйренеді
Ғаламшардың ластану себептері, өмір сүруге қажетті ресурстардың азаюы, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық
жасаудың қарапайым қағидалары сынды маңызды тақырыптар балаларға қызықты түрде көрсетіледі
Анимациялық роликтер жинағын eліміздің ең ірі кен-металлургиялық компанияларының бірі «Казцинктің» қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұжымымен бірлесіп, экологиялық мәдениет туралы қазақша мультфильмдер топтамасын жасап шығарды, ол балалар мен олардың ата-аналарынан бастап, мектепалды мекемелердің педагогтарына дейінгі кең аудиторияға арналған
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.
Өмір ағашы (2023)
Еліміз бойынша мектеп оқушылары үшін «Өмір ағашы» тақырыбында анимациялық фильмдер көрсетілімі
ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны «Қазақстанның Экологиялық қоры» ҚҚ «Азаматтық қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен
«Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы экологиялық жағдай жасау жөніндегі
кешенді шаралар» жобасын іске асыру аясында өткізілуде
Мультфильмнің мақсаты – балалардың табиғатқа деген құрметін арттыру, туған өлкенің табиғатына түсіністікпен
қарау, су мен энергияны ысырап етпей, тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны ластамауды, қоқыстарды сұрыптауды
үйрету
«Балалар мультфильмдерді өте жақсы көреді және бұл оларға қалдықтарды сұрыптау, суды үнемдеу және басқа да
маңызды тақырыптар туралы айтудың тамаша себебі
Экологиялық мультфильмдерді көргенде экологиялық білім күшейіп, экологиялық мәдениеттің элементі ретінде экологиялық мінез-құлық қалыптасады
Берегите воду! (2023) - 1 мин 45 сек
Neco Kostanay (2023)
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» тапсырысы бойынша, экология тақырыбында қазақ және орыс тілдеріндегі анимациялық роликтер топтамасы
Қазақстанда су дағдарысының болу қаупі бар ма?
Еліміздегі өзендердің жартысы көршілес елдерден бастау алады, ал егер бұл өзен-көлдер біз үшін қолжетімсіз болып қалса, жағдайымыз не болмақ?
Әткеншек (2021)
Жасыл ел (2021)
Неліктен біз экологияға қамқорлық жасауымыз керек? (2024) - 3 мин
Соңғы онжылдықтарда антропогендік әрекеттер қоршаған ортаға айтарлықтай өзгерістер әкелді, бұл планетаны
қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін тудырды
XXI ғасырдың басында адамзат бірқатар күрделі экологиялық мәселелерге тап болды: ғаламдық жылыну, түрлердің
жойылуы, ауаның және су қоймаларының ластануы, табиғи ресурстардың таусылуы
Ғалымдар мен экологтар дабыл қағуда, егер біз табиғатқа деген көзқарасымызды өзгертпесек, болашақ ұрпақ жойқын апаттарға тап болуы мүмкін екенін ескертеді
Ластанған қоршаған орта аурулардың көбеюіне, өмір сүру сапасының нашарлауына және биологиялық әртүрліліктің жоғалуына әкеледі
2015 жылы әлемдік қауымдастық климаттың өзгеруімен күресте және экожүйені сақтауда маңызды қадам болған Париж декларациясына қол қойды
Ол көмірқышқыл газының шығарылуын азайту, жаңартылатын энергия көздеріне көшу, энергия тиімділігін арттыру және табиғи экожүйелерді қорғау бойынша қатаң шараларды қамтиды
Қатысушы елдер 2050 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуге, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу жобаларына қаржыландыруды ұлғайтуға және дамушы елдерге қолдау көрсетуге міндеттенді
2030 жылы егер инфрақұрылымды жаңғырту және экологиялық таза технологияларға көшу бойынша шешуші шаралар қабылданбаса, біздің қаламыз күрделі сынақтарға тап болуы мүмкін
Мұндай мәселелердің бірі жылусыз және ішкі жану қозғалтқыштары бар автокөліктерсіз қалу қаупі болып табылады
Қазба отындарын жағуға негізделген дәстүрлі жылыту жүйелері барған сайын тиімсіз және экологиялық таза емес
Шығарындыларды азайту жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, біздің қала күн панельдері, геотермалдық
жылыту және жылу сорғылары сияқты баламалы энергия көздеріне көшуі керек
Осы өзгерістерсіз тұрғындар қыс мезгілінде тұрақты жылусыз қалуы мүмкін. Халықтың білімі мен хабардарлығы
маңызды аспект болып табылады. Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы хабардарлықты арттыру
бойынша білім беру бағдарламалары мен науқандар жүргізу қажет
Мектептер мен университеттерде экологиялық білім беруді енгізу маңызды. Әрқайсымыз экологиялық жауапты өмір
салтын ұстану арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз. Қоғамдық көлікті, велосипедтерді
пайдалану, қоқыстарды бөлек жинау және қайта өңдеу – мұның бәрі табиғатқа адамның теріс әсерін азайтуға
көмектеседі
Қоғамдық бастамаларды қолдау және қатысу да маңызды рөл атқарады. Еріктілік бағдарламалары, жергілікті және
жаһандық акциялар – қоршаған ортаны қорғауға өз үлесіңізді қосудың тамаша тәсілі
Жаһандық ластану мәселесі қоқыстың ыдырауы (2020) - 2 мин 21 сек
Кейбір адамдар қоқыстан жағымсыз иіс қана шығады деп ойлайды. Бірақ ол сіз ойлағандай жай ғана жағымсыз иіс
емес. Қоқыстың құрамында улы химиялық заттар, ауыр металлдар және көптеген зиянды заттар
болады
Көп қоқыс орны пластмасты өртеп жатады, ол өртенген кезде озон
қабатына зиянды диоксиндер шығарады. Одан бөлек, жанып жатқан кездегі түтінді жұтқан адамның ағзасында ауру
туындап, тіпті өліп кетуі мүмкін. Пластмассаның өртенуінен пайда болатын газдар ауаға көтеріліп, соңында жаңбыр түрінде қайта түседі
Қоқысты сұрыптау (2019) - 1 мин
Қоқысты қайта өңдеу жайлы қызықты деректер (2020) - 1 мин 52 сек
Қалдықтарды қайта өңдеу (2022)
Қоршаған ортаны қорғау (2016) - 1 мин 25 сек
Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін
қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі
Қазақстан Республикасында
“Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге,
биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған
Қазақстан
Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ
ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға
көшу стратегиясы белгіленген
Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны
қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау
туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен
тұрады
Қызықты энциклопедия (2021)
Қызыл кітапқа енген жануарлар (2024)
Эко-білім Eco-Qolday (2020)
Анимациялық көрініс арқылы қалдықтың қайда кететіндігі және одан не жасауға болатындығы түсіндіріледі
Jasil baqilaw: Школа посадок (2021)
Үнем - Қоғам Қуаты! (2020) - 1 мин 51 сек
Табиғаттағы су балансын сақтау
Экология (2022) - 1 мин 51 сек
Балаларға экология туралы түсінік беретін мультфильм
Қайсар автобус (2024) - 19 бөлім (Қоршаған ортаны қорғаушылар)
Су жағасында орналасқан әдемі қалада «Күншуақ» балабақшасында сүйкімді балалар тобы бар.
Балалар қиындыққа тап болғанда, Гордон деп аталатын автобус әртүрлі көліктерге айналып, оларға көмектеседі
Балалар сабаққа көмектесу үшін барады. Кәрім байқамай субұрқақтың ішіне түсіп кетеді. Оны құтқаруға келген
Гордон субұрқақтың ішін қоқыстан тазартып береді
Кемпірқосақ: Қоршаған орта (2020) - 5 мин 41 сек
Су айналымы процесі (2019) - 2 мин 32 сек
Судың ластануы (2018) - 2 мин 35 сек
Судың ластануының себептерін, салдарын және тоқтату жолдарын білейік.
Суды дұрыс пайдалану (2019) - 1 мин 30 сек
Арал теңізі (2016) - 5 мин 24 сек
Арал теңізі (өз. Orol dengizi; қарақ. Aral ten'izi) — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың шаршы км) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді
Арал теңізі (1963) - 19 мин 45 сек
Арал теңіз болған кездің ретроспективасы. Фильм Арал теңізінің тарихынан сыр шертеді және оның айналасында тіршіліктің қалай құрылғанын көрсетеді
Каспий итбалығын сақтап қалайық (2017) - 24 мин 40 сек
Каспий итбалығының саны күрт азайды және жақында ғана көп санды түр болып табылатын итбалық, Каспий теңізінің сирек тұрғынына айналды. Итбалықтың тағдыры Каспийдегі шаруашылық қызметіне толық тәуелді. Оны қалай құтқаруға болады?
Семей полигонының жабылу тарихы (1989) - 16 мин
1940-1989 жылдар аралығында Семей ядролық полигонынында 600-дан астам жарылыс болды, шамамен 1 млн 300 мыңға жуық адам зардап шекті
Әлеуметтік видеороликтер Eco-Qolday (2021)
Күннің шұғыласы (1975) - 9 мин 48 сек
Режиссёр Амен Хайдаров
Kazakhstan Navigating Climate Change (2024) - 30 мин
Документальный фильм о возможных решениях климатических вызовов Казахстана
Он раскрывает проблемы, с которыми сталкивается Казахстан в контексте изменения климата, включая последствия для экосистем, экономики и жизни людей
В фильме представлены мнения экспертов и обсуждаются возможные пути решения климатических вызовов, с которыми страна будет сталкиваться в будущем. Проект Climate Talks направлен на повышение осведомленности и международное сотрудничество в области климата
Өндіріс Eco-Qolday (2020)
Балық аулайтын торлар мен қоқыс теңізі (2019) - 40 мин
Каспий теңізінің бір үлкен үйіндіге айналуы және жергілікті тұрғындардың аман қалуға тырысуы туралы
Каспий теңізінің жағалауындағы қоқыстар күрделі экологиялық проблема туғызады. Бұл негізінен теңіз
флорасы мен фаунасына, сондай-ақ жағалауға жақын жерде тұратын адамдардың денсаулығына теріс әсер ететін
пластикалық қалдықтар
Фильмде Түпқараған түбегінің жағалауындағы Генералская саяжай учаскесі мен Баутино, Форт-Шевченко, Қызылөзен ауылдарында жүргізілген мониторинг, теңіз қоқыстары мен қараусыз қалған ауларды жинау нәтижелері көрсетілген
Фильм гидробиология және экология институты мен «Эко Маңғыстау» ҰПУ бірлесіп қолға алған «Каспий итбалығы популяциясын сақтау» бағдарламасы аясында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша түсірілді
Қазақстанның экологиясы туралы фактілер
Ұмытылған аялдамалардың жолаушылары (2003) - 30 мин
Алматы мен оның төңірегіндегі тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қолайлы, таза ауасы мен жері бар қоршаған
ортаға құқықтарын қалай қорғайтыны туралы 3 кинохикая («Дәрменсіз алып», «Мансап туралы ой», «Тыныштық
аймағы»)
Олар Конституциямен және Орхус конвенциясымен кепілдендірілген құқықтарды қиын күресте қорғауға мәжбүр,
өйткені олар сот төрелігіне, ақпаратқа қол жеткізе алмайды және олар үшін маңызды шешімдер қабылдау
процесіне қатысуға шақырылмайды
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесі (2021) - 30 сек
Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз
Табиғатты бүлдірмейік
Зеленый рост:Экология и выгода (2020)
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокомпаниясы еліміздің жасыл бастамалары, Қазақстандағы EPR қағидатын жүзеге асыру, экологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралардың нәтижелері туралы айтады

